Нұр-Сұлтандағы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова қызметінен кетті

Фото: ашық дереккөзден
Фото: ашық дереккөзден
Бұл туралы басқармада хабарланды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы» ММ-нің басшысы Сәуле Қисықова қызметінен босатылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.

Бұл туралы басқармада хабарланды.

«Сәуле Қисықова басқа жұмыс орнына ауысуына байланысты қызметінен кетті», – деп нақтылады қалалық денсаулық сақтау басқармасы.

Алайда, экс-басшының қандай мекемеге ауысқанын қалалық басқарма өкілдері нақтыламады.

Сәуле Қисықова еңбек жолын 1987 жылы Алматы облысы бойынша орталық аудандық ауруханадан бастады. 1994 жылдан 2004 жылға дейін Алматы қаласының № 8 қалалық емханасының емдеу-алдын алу және ақылы бөлімін басқарды.

2004 жылдан 2007 жылға дейін Алматы қаласы "Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы медициналық орталығының орталық клиникалық ауруханасы" РМК отбасылық дәрігерлік кешендер бірлестігінің меңгерушісі болып жұмыс істеді.

2007-2012 жылдары – "Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының Орталық клиникалық ауруханасы" РМК ұйымдастыру және экономикалық мәселелер жөніндегі бас дәрігерінің орынбасары болды.

2012-2015 жылдары – Астана қаласы "Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының ауруханасы" РМК бас дәрігері болып қызмет етті.

Астана қаласы "Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының ауруханасы" РМК бірінші орынбасары қызметін атқарды.

2017 жылдан бастап Ақмола облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы болды.

Новости партнеров