Сенат депутаттары Алматыда БАҚ өкілдерімен кездесті

28.03.2022 20:49

Жиында журналистикада қордаланған түрлі мәселе талқыланды

Almaty.tv

Сенат депутаттары Бейбіт Исабаев пен Нұртөре Жүсіп Алматыда бұқаралық ақпарат құралдарының бір топ өкілімен кездесті. Президент жолдауында БАҚ бәсекелестікке қабілетті болуы керек екені айтылған. Осыған орай, жиында журналистикада қордаланған түрлі мәселе талқыланды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.    

БАҚ-тың еркіндігі мен ашықтығы, мемлекеттік тапсырыстағы түйткілдер айтылды. Қорытындылай келе, Сенаттың әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы Бейбіт Исабаев елдегі ақпарат құралдарын дамыту мәселесін назарда ұстайтынын, Жолдауда айтылған тапсырмалардың орындалуын қадағалайтынын жеткізді.  

«Биліктің атқарып жатқан шараларының ішінде мүлт кеткен немесе шикі тұстары болса, соның бәрін айтып, көрсетіп, ой таластырып, пікір білдіріп, ашық талқылаған жөн. Мысалы, менің түсінуімше, Мемлекет басшысы журналистикада сондай талап, ұсыныс қойып отыр», - деді ҚР Парламенті Сенатының депутаты Бейбіт Исабаев.