Орталық мемлекеттік архивке 100 жыл: Архив материалдары жинақталған кітаптардың тұсауы кесілді

12.03.2021 20:50

Жамбылдың 175 жылдық мерейтойына арналған көрме де көпшіліктің назарына ұсынылды

Биыл Орталық мемлекеттік архивке 100 жыл. Айтулы датаға орай, бүгін елдегі басты мұрағатта арнайы конференция өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Пандемия жағдайына байланысты онлайн форматта ұйымдастырылған іс-шарада архив материалдары жинақталған кітаптардың тұсауы кесілді. Айта кетейік, конференцияда жыр алыбы Жамбылдың 175 жылдық мерейтойына арналған көрме де көпшіліктің назарына ұсынылды.

«Негізгі біздің бағытымыз, бұл конференцияның мақсаты осы – пандемия жағдайында былтырдан бергі біздің өзіміздің қол жеткізген жетістіктеріміз жөнінде өзіміздің әріптестерімізге, ғалымдарға, қазақ халқына жеткізу», – деді ҚР Орталық мемлекеттік архиві директорының орынбасары Марзия Жылысбаева.