Пышақтар Қытайда жасалған
Ақтөбелік шекарашылар «Ташкент - Мәскеу» бағытындағы пойыздан қапқа салынған пышақтар тапты. Вагон жолсерігі ұсталды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшіс ҚР ҰҚК ШҚ-нің баспасөз қызметі.
«Жайсаң-теміржол» тексеру-өткізу пунктінде Ақтөбе шекара жасағының наряды «Ташкент - Мәскеу» бағытындағы № 005 жолаушылар пойызын тексерген. Оның барысында вагондардың бірінен қолданылған төсек жабдықтары салынған қаптың ішінен 125 пышақ табылды», - делінген хабарламада.
Қытайда жасалған пышақтар жолсеріктер бөлмесінен табылғандықтан, сол вагонның жолсерігі, 51 жастағы Өзбекстан азаматы ұсталып, Жайсаң бекетінің желілік полиция бөлімшесіне тапсырылды.