Алматының қай ауданына газ беру уақытша тоқтатылады

20.10.2023 20:51

Газ құбырына жөндеу жүргізіледі

elements.envato.com

Алматы қаласының бірқатар тұрғын үй және жеке үйлерінде газ құбырын жөндеуге байланысты газ уақытша болмайды, деп хабарлайды Аlmaty.tv. 

22-24 қазан аралығында Бостандық және Алмалы аудандары көшелері аумағындағы тұрғын үйлер мен объектілерде газ тоқтатылады.

АДК сауда-ойын-сауық орталығының аумағында газ құбырын жөндеуге байланысты бірқатар тұрғын үйлер мен жеке секторға газ беру тоқтатылады.

Атап айтқанда, Төле би – Розыбакиев – Сайран көлі – Жандосов көшелерінің ауданындағы 2975 жеке сектор, 203 ұжымдық сектор және 21 коммуналдық-тұрмыстық кәсіпорын орталық газдан уақытша ажыратылады.

Төмен қысымды Д-325 мм жер асты газ құбырында газды үздіксіз және апатсыз беру үшін апатты газ құдығын ауыстыру жоспарлануда.

 - Тұрғындардан газ крандарын жабуды, «Интергаз Орталық Азия» АҚ ОМГ Алматы газ шаруашылығы қызметкерлері жүргізетін жұмыстарды аяқтағанға дейін ашпауларын өтінеміз, - деп хабарлады «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ филиалының баспасөз қызметі.

Оқи отырыңыз: Жаңа Қазақстан. Таза табиғат - жалпықалалық сенбілік өтеді