Биыл Алматыға жылу бір апта бұрын берілмек

Биыл Алматыға жылу бір апта бұрын берілмек
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматылық монополистер қарыздарын сот арқылы өндіріп алмақ. Бүгінде 4 мың тұтынушының қарызы 2,5 миллиард теңгеден асып кеткен. Борышкерлердің көбісі Бостандық пен Медеу аудандарында тұрады, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.

Олар жылуға, суға, жарыққа және көгілдір отынға төлеулері тиіс. Мұндай мәліметтерді қалалық энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасы таратты. Алайда, жауаптылар қыс мезгілінде ешкім жылусыз қалмайтынын айтады. Жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстары жоспарланған уақытта аяқталады дейді. Жылу жүйелерін жаңартуға 20 миллиард теңге бөлініпті.      

«Биылғы таңда 12-магистраль бойынша толық жұмыс аяқталды. Жол салынып біткен соң ашылды. Бірақ кейбір ескертулер бар. Екі аптаның ішінде ол толығымен аяқталса, бітіреміз», - деді  Алматы қаласы Энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасының басшысы Әсет МАСАБАЕВ.

Басқарма басшысының айтуынша, Төле би көшесіндегі жұмыстар да жақын арада аяқталмақ. Олай болмаған жағдайда мердігер компанияға айыппұл салынатынын да жеткізді.

«Қазіргі таңда технологиялық жағынан магистральдік желіге қосылды. Бірақ жол және  ескертпелер бойынша жұмыстарды 3 қазанға дейін бітіреміз деп отырмыз», - деді Алматы қаласы Энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасының басшысы Әсет МАСАБАЕВ.

Айта кетейік, биыл Алматыға жылу бір апта бұрын берілмек. Яғни, 10 қазаннан бастап үйдегі батареялар ыси бастайды.


Новости партнеров