Зейнетақы қорындағы 2021 жылға арналған «жеткіліктілік шектің» кестесі жарияланды

06.01.2021 21:45

Бұл ақпаратты алу үшін тек ЭСҚ кілтімен қол қою керек

Фото: inform.kz

«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» қордағы қаржыны мерзімінен бұрын мақсатты пайдалану қадамдарын түсіндіріп және 2021 жылы алуға болатын «шекті» соманың кестесін жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv. тілшісі inform.kz сілтеме жасап.

Мақсатты пайдалану үшін қолжетімді зейнетақы жинақтарының сомасы туралы ақпаратты және зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы деректерді мынадай тәсілдермен алуға болады:

1. БЖЗҚ сайты және салымшының Жеке кабинеті арқылы. Ол үшін ЖСН мен құпиясөзді енгізу қажет, немесе электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) болуы керек. Сонымен қатар, зейнетақы жинақтарының жағдайы туралы ақпарат алуға мүмкіндік беретін қосымша cabinet.enpf.kz/porog арқылы зейнетақы шотындағы қалдық, шекті сома, алуға болатын соманы білуге болады.

Бұл ақпаратты алу үшін тек ЭСҚ кілтімен қол қою керек. ЭСҚ-ны Ұлттық сертификаттау орталығының сайтында алуға болады.

2. Зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат egov.kz сайтында және eGov mobile мобильді қосымшасы арқылы қолжетімді. Ол үшін пайдаланушыларға электронды-цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) қажет. Egov.kz сайтының бас мәзірінде «Әлеуметтік қамсыздандыру», одан әрі «Зейнетақымен қамсыздандыру» қосымша бетіне өтіңіз, одан кейін «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшысының (алушысының) зейнетақы жинақтарының (инвестициялық кірісті ескере отырып) жай-күйі туралы ақпарат беру» қосымша парақшасы арқылы немесе сілтеме бойынша өтіп білуге болады. eGov mobile мобильді қосымшасының «Қызметтер», одан әрі «Жұмысқа орналастыру және жұмыспен қамту» бөліміне өтіңіз, содан кейін «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшысының (алушысының) зейнетақы жинақтарының (инвестициялық кірісті ескере отырып) жай-күйі туралы ақпарат» қосымша бетіне өту арқылы білуге болады.

3. +7 777 000 14 18 нөмірі арқылы БЖЗҚ-мен WhatsApp-тағы чат-бот арқылы байланыса аласыз.

2021 жылға арналған зейнетақы жинағының «жеткіліктілік шектің» кестесі