90 млн пара алған «Қазгидромет» шенеуніктері 10 жылға сотталды
Ол 10 жылға бас бостандығынан, өмір бойы мемлекеттік қызмет атқару құқығынан айырылды
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Қазгидромет экс-басшылары 10 жылға сотталды, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қалалық сотының баспасөз қызметі.
«Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының шешімімен Н.Қ. Сұлтанов ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабы 4-бөлігі («Пара алу») бойынша кінәлі деп танылды. Оған осы баппен 10 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды және өмір бойы мемлекеттік қызметте лауазымды қызмет атқаруға тыйым салынды. Р.И. Андрианов ҚР ҚК 366-бабы 4-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, өмір бойы мемлекеттік қызмет атқару құқығынан, 10 жылға бас бостандығынан айырылды»,
– делінген елордалық баспасөз қызметінде.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Алматыда 19-25 қазан аралығында ауа райы қандай болады
21.10.2026 08:10
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
22.10.2026 08:10
Алматыда 26 қазан - 1 қараша аралығында ауа райы қандай болады
22.10.2026 08:30
Қарт ата-анаңыздың үйіндегі қауіпсіздікті тексеріп тұрыңыз - ТЖМ
21.10.2026 17:43