Аружан Саин өгей әкесі сабаған 2 жасар балаға көмектесетін болды

25.09.2019 23:13

Бүлдіршін әлі комадан шыққан жоқ

 Ол өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған ол жабық бас сүйек-ми жарақатын, мидың соққысын және басқа да дене жарақатын алған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Шулы оқиға Аружан Саинді бей-жай қалдырмады. Балалар омбудсмені бүлдіршінге шетелде «Балаларға өмір сыйла» бағдарламасы бойынша оңалтуға көмектесуге уәде берді.

Айта кетейік, жантүршігерлік қылмыс жасаған азамат ұсталып, кінәсін мойындады. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.