Маңғыстауда мұнайшылар Мемлекет басшысына видеоүндеу жолдады
Depositphotos.com
10 адам жұмыстан қысқарып қалған
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Маңғыстау облысының кен орнының бірінде мұнайшылар жұмыстан қысқарып жатыр. Олар Тоқаевқа жүгінді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.
«TOTAL E&P Dunga» компаниясының Түпқараған ауданындағы жиырмаға тарта жұмысшысы видеоүндеу жариялады.
«TOTAL E&P Dunga» жұмысшылары компания басшылығы мердігер ұйымға ауыстырғалы жатқанын хабарлайды. Компания тікелей келісімшарттағы персоналды қысқартпақ. Тиісті хабарлама 10 адамға келген.
«Жұмыс орнымызда қалғымыз келеді. Жаңа жұмыс орнында бізді не күтіп тұрғанын кім білсін?! Жиналыс өткізіп, не үшін қысқарып жатқанымызды білгіміз келеді. Біздің жағдайда жұмысшылардың құқығы бұзылып тұр», - дейді олар.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Алматыда 21-27 қыркүйек аралығында ауа райы қандай болады
22.09.2026 08:00
Қайтыс болған адамның несиесін туыстары өтеуге міндетті ме
21.09.2026 21:29
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
22.09.2026 13:00
Санжар Әділов Азиадада аралас жекпе-жектен қола алды
21.09.2026 09:45