XVII Еуразиялық медиа форум: әлемнің жетекші сарапшылары шеберлік сағатын өткізіп жатыр

XVII Еуразиялық медиа форум: әлемнің жетекші сарапшылары шеберлік сағатын өткізіп жатыр
Форумның осы жолғы тақырыбы – «Түркі тілдес елдердің бұқаралық ақпарат құралдары. Қазіргі заманда ынтымақтастық байланыстарын дамыту»
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Нұр-Сұлтанда XVII Еуразиялық медиа форум жұмысын бастады. Үш күнге жалғасатын халықаралық шараға шетелдің медиа саласындағы майталмандары жиналды. Бүгін әлемнің жетекші сарапшылары шеберлік сағатын өткізіп жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv

Сондай-ақ, дәстүрлі дөңгелек үстел басында ақпарат майданындағы қазіргі таңдағы өзекті мәселелер талқылануда. Жалпы форумның осы жолғы тақырыбы  «Түркі тілдес елдердің бұқаралық ақпарат құралдары. Қазіргі заманда ынтымақтастық байланыстарын дамыту». Сонымен қатар күнтәртібінде әлемді өзіне аудартқан Ауғанстандағы жағдай талқыға түсуде. 

«Ауғанстандағы өзгеріс геосаяси, геоэкономикалық жағынан үлкен мәселелер туындатады. Ары қарай қандай форматта, қандай қарқынмен ірі инфрақұрылымдық, көліктік, энергетикалық жобалар дамиды деген сұрақ тууы орынды. Орталық Азия мемлекеттері Ауғанстанда және Ауғанстанмен сыртқы саясаттарын қалай жүзеге асыру керек? Өйткені кез келген қозғалыстың пайдалы тұстары мен қауіп-қатері де бар. Бастысы мәселені ушықтырып алмай, мемлекеттер ол елдің мәселесін шешуге, халқының әл-ауқатын жақсартуға жұмылуы тиіс», – деді «MA'NO» халықаралық зерттеу бастамалары орталығының директоры (Өзбекстан) Бақтияр Эргашев.

Бұқаралық ақпарат құралдары қатарына қосылған әлеуметтік желілердегі блогерлік кәсіптің пайдасы мен контентті дұрыс жүргізу жолдары форумда әңгіме арқауына айналды. Әсіресе желілерді жеке басының емес, қоғамның мәселесін шешуде қолдану тиімді болатыны айтылды. 

«Біз әлеуметтік жобалар тақырыбын және оны қалай ұсынатынымызды қозғадық. Бізді тамашалайтын негізгі аудитория – бұл жастар екенін түсінеміз. Өзіміз шығаратын мазмұнды сүзгіден өткізуге және дұрыс таңдауға тырысамыз. Мысалы, біз алкоголь, темекі өнімдерін шығаратын жарнама берушілермен, букмекерлік кеңселермен жұмыс істемейміз. Өз роликтерімізде біз қоғамда маңызды белгілі бір тақырыптарды көтеруге тырысамыз», – деді Еуразиялық медиа форумға қатысушы Бексұлтан Қазыбек.

Новости партнеров