Елімізде 12 мыңға жуық азамат банкрот деп танылған

Фото: elements.envato.com
Фото: elements.envato.com
Бір жылда төлем қабілеті жетпеген 97 мың азамат өтініш берген
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Елімізде 12 мыңға жуық азамат банкрот деп танылған. Олардың 27 миллиард теңге қарызы кешірілді. Соңғы бір жылда төлем қабілеті жетпеген 97 мың азамат соттан тыс банкроттық рәсіміне өтініш берген. Бірақ олардың көбі кері қайтарылған. Оған не себеп? Сұраққа «Алматы» телеарнасының қонағы экономист, сарапшы Мақсат Халық жауап береді.

– Мақсат мырза, соттан тыс өтініш берудің шарттарына тоқталып өтсеңіз?

– Банкроттық туралы заң былтыр қабылданып, еліміздің түкпір-түкпірінде азаматтар өзін банкрот деп жариялай бастады. Бұл жерде сотқа дейін банкроттық жариялау мүмкіндігі қарастырылған. Азаматтар бірден сотқа барып, өтініш жазу керек деп ойлайды. Сотқа дейін де банкрот деп жариялау мүмкіндігі бар екенін білуіміз керек. Ол қандай жағдайда жүзеге асады? Ол – ақша көлеміне қатысты жүреді, 1600 АЕК, жыл сайын белгілі бір дәрежеде өсіп отырады. Қазіргі уақытта оның көлемі 5,5 миллион теңге.  Сондықтан осы қаражатқа дейінгі несие алса, сотқа дейін банкрот деп жариялауға толық мүмкіндік бар.

– Жеке тұлғалардың банкроттығы туралы заң қандай толықтыруды қажет етеді? Осыған кеңінен тоқталсаңыз.

– Заңның шикілігі әлі де бар. Статистикалық көрсеткіштен-ақ көре аламыз. Қазір несиесін уағында төлей алмай, оны 90 күннен асып кешіктірген адамның саны 1,5 миллионнан асады. Жыл өткен сайын азаматтары қатары өсіп келеді. Ол белгілі бір дәрежеде несие жүктемесінің әлі де ауыр екендігін білдіреді. Азаматтарға несиенің пайызы жоғары болуы салмақ түсіріп тұр. Сондықтан да заңды әлі де  жетілдіру керек. Өйткені көп азамат өтініш бергенімен, өзін банкрот деп жариялай алмай жатыр. Керісінше, кейбір азаматтар 100 теңгеге өзін банкрот деп тапқан. Сондықтан шын мәнінде қиын жағдайға тап болып, несиені төлей алмаса, банкрот деп жарияласаңыз болады. Әйтпесе, оның кері жағы бар. Маңызды мәселеге мән берген жөн. Бұл азаматтарға қайтадан қаржылық жағдайын қалпына келтіруге мүмкіндік жасалуы керек. Яғни, осы заңның аясында нақты тетіктерін қарастыру керек деп есептеймін.

Оқи отырыңыз: Отандық өнім: биыл елімізде өндіріс көлемі артты

Новости партнеров