Алматыда «Қазақстан қызыл жарты айы» ұйымының еріктілері қорғаныс құралдарын таратты

23.04.2020 22:02

Мұндай игі іске Наурызбай ауданының полиция басқармасының жеке құрамының қызметкерлері де ат салысты

Фото: Florent Rols/Keystone Press Agency/Global Look Press

Алматыда «Қазақстан қызыл айы» ұйымының еріктілері халыққа қолдан келгенше көмек көрсетуде, деп хабарлайды Almaty.tv.

Тұрмыс жағдайы төмен отбасыларына азық-түлік пен қорғаныш заттарын жеткізумен қатар, олар коронавируспен күрестің алғы шебінде жүрген дәрігерлер, полиция, қарулы күштер сарбаздарды, сондай-ақ, төтеншеліктер мен жергілікті билік өкілдеріне қорғаныс құралдарын тарата бастады.

«16 сәуірде Қытай сауда палатасының араласуымен  бізге Цзянсий өнеркәсібі тобынан бір реттік үш қабатты  медициналық бетперде жеткізілді. Олардың саны 230 мыңға жуық. Бұл заттарды алуға еліміздің Cыртқы істер және Денсаулық сақтау  министрліктері көмектесті», – деді «Қазақстан қызыл жарты айы» ұйымының президенті Еркебек АРҒЫМБАЕВ.

Мұндай игі іске Наурызбай ауданының полиция басқармасының жеке құрамының қызметкерлері де ат салысты. Олар 25 отбасына көмек ретінде ең керек деген азық-түлік тауарларымен қатар антисептиктер салынған себеп үлестірді. Ішінде алтын алқа иегері де бар.  

«Алла жақсылығын берсін. Заманымыз тыныш, аспанымыз ашық болсын. Аман болайық.  Осы індеттен аман-есен құтылып кетейік. Жасың ұзақ, денің сау болсын. Аман-есен болыңдар!» – деді алтын алқа иегері Күләнхан БОРТЫҚБАЕВА.