Білім-ғылым және өндіріс арасында байланысты нығайту керек – Т.Рақымбеков

Білім-ғылым және өндіріс арасында байланысты нығайту керек – Т.Рақымбеков
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Білім, ғылым және өндіріс. Осы үш бағыт арасында жүйелі байланыс орнаса, еліміздің ауыл шаруашылығы аяққа нық тұрады. Төлеутай Рақымбеков Алматы облысына жасаған сапары барысында осы мәселені жергілікті мамандармен талқылады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Бұған қоса, ол жуырда ашылған агропарк пен салаға қызмет ететін авиация өкілдерімен де кездесті.

«Біз білім-ғылым және өндірістің интеграциясы жөнінде қанша жылдан бері айтып, оның қандай болатынын талқылап жүрміз. Осы білім беру орталықтарын Казагроинновация саласында еңбек етіп жүрген 2007-2009 жылдары өзіміз ойлап тапқанбыз», – деді ҚР Президенттігіне үміткер Төлеутай РАҚЫМБЕКОВ.

«Бұл – бастамасы ғана. Осындай семинарларды жиі өткізіп, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізсек бәріне жетеміз деген ойдамын. Себебі бұл жерде өте жақсы жұмыстар жасалып жатыр», – дейді ҚР Президенттігіне үміткер Төлеутай Рақымбековтің өңірлік штабының жетекшісі Қаламқас ИСАЕВА.

Бұған қоса, үміткер арнайы ұшаққа отырып, авиацияның саладағы маңызы туралы да айтып берді. Жалпы, заманауи жабдықтардан қашпау керектігін айтқан ол одан шаруаның ұтпаса, ұтылмайтынын алға тартты.

Новости партнеров