Қуғын-сүргін құрбандары: 25 мың адам ату жазасына кесілген

Almaty.tv
Almaty.tv
1930-50 жылдардағы репрессияның зардабы талқыланды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

«1920-1950 жылдардағы Қазақстандағы қуғын-сүргін». Алматыдағы орталық мемлекеттік архивте бүгін осындай тақырыпта дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Жиынға репрессия құрбандарын ақтау жөніндегі комиссия мүшелері, белді тарихшылар мен қуғынға ұшырағандардың туыстары қатысты. Басқосуда ұлт тарихындағы сұм заманның сұрқия саясаты, репрессия себептері мен Қазақстанның неліктен «лагерлік өлкеге» айналғаны жайлы тұщымды пікір айтылды.

–1930-50 жылдардағы репрессияның зардабы өте ауыр болды. Қазақстанда 100 мыңнан астам адам қуғын-сүргін құрбаны болды деген статистикалық дерек бар. Бірақ қазіргі зерттеу жұмыстарының барысында бұл деректің ең минималды тұрғыдан алынғанын көріп отырмыз. 25 мыңнан астам адамның ату жазасына кесілгенін көріп отырмыз, – деді ҚР Орталық мемлекеттік архивінің директоры Сәбит Шілдебай.  


Новости партнеров