Науқас арқасына пышақ қадалған күйі темекі шегуге шыққан (ВИДЕО)

26.02.2019 20:54

Ер адам ауруханаға қатты мас күйінде жеткізілген

Татарстанның Зеленодольск аудандық ауруханасында науқас арқасына пышақ қадалған күйі темекі шегуге шыққысы келді, ол қатты мас болатын, деп хабарлады  Sputnik.

Бұдан бұрын әлеуметтік желіде пайда болған видеода жартылай жалаңаш адам аурухана дәлізімен кетіп барады, арқасына пышақ қадалып тұр. Дәрігерлер қайда бара жатырсың десе, ол «темекі шегуге» деп жауап берді. Ақыры соңында аурухана қызметкерлері оны сыртқа шықпауға көндірді.

Денсаулық сақтау министрлігі берген мәлімет бойынша, ер адамға ота жасалған екен, қазір жағдайы жақсы. Қатты зардап шекпеген көрінеді -  бұлшық етіне ғана зақым келіпті.

Ведомство өкілі атап өткендей, науқас удай мас күйінде аудандық ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлер рентгенге түсіріп, сараптама алған соң, ер адам процедураны күтіп жатқанда, темекі шеккісі келіп, далаға шықпақ болыпты.