Алматыда тұтынушыларға қызмет көрсету орталығы ашылды
Almaty.tv
Мамандар мұнда ауыз су, кәріз қызметі, жылумен жабдықтау және ыстық су жөнінен кеңес береді
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Алматыда «бір терезе» қағидаты бойынша жұмыс істейтін тұтынушыларға қызмет көрсету орталықтары өз жұмысын бастады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Бұл жерде азаматтар коммуналдық қызмет түрлеріне қатысты барлық сұрақтарын қоя алады. Яғни, мамандар мұнда ауыз су, кәріз қызметі, жылумен жабдықтау және ыстық су жөнінен кеңес береді. Әзірге қала бойынша үш жерде ғана іске қосылған орталықтарды болашақта барлық ауданнан ашу жоспарда бар көрінеді.
«Орталық көпсалалы болып табылады. Бұл жерден әр азамат ауыз су мен ыстық суға қатысты түрлі мәселелердің шешімін таба алады. Және болашақта мұнда ортақ касса қою қолға алынып жатыр», – деді «Алматы су» МКК қоғаммен байланыс жөніндегі маманы Ақбота ЖЫЛЫСОВА.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
03.11.2026 12:40
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
03.11.2026 08:11
Фатима Сұпығалиева дзюдодан жасөспірімдер Олимпиадасында топ жарды
03.11.2026 08:30