Қазақстанға сырттан астық әкелуге тыйым салынады

elements.envato.com
elements.envato.com
Құжат 15 тамызға дейін ашық талқылауда болады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ауыл шаруашылығы министрлігі Қазақстан аумағына сырттан бидай әкелуге 5 айлық тыйым салу туралы бұйрық жобасын қоғам талқылауына шығарды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі gov.kz-ке сілтеме жасап.

- Қазақстан Республикасының аумағы арқылы бидайдың транзитін, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасының аумағы арқылы Еуразиялық экономикалық одаққа мүше бір мемлекеттің аумағынан осы одаққа мүше екінші мемлекеттің аумағына орын ауыстыруын қоспағанда Қазақстан Республикасының аумағына үшінші елдерден және Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен көліктің барлық түрлерімен бидай әкелуге 2024 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі мерзімге тыйым салу енгізілсін, - деп жазылған құжатта.

Құжат 15 тамызға дейін ашық талқылауда болады.

Оқи отырыңыз:Елімізде табыс және мүлік декларациясын тапсыру тәртібі өзгерді

Новости партнеров