Қазақстандық жастардың баспана мәселесі қалай шешіледі

Сурет: elements.envato.com
Сурет: elements.envato.com
Республикамыздың үш қаласында кімдерге арнап баспана салынады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Республикалық маңызы бар қалаларда жастарға 3 мың жалдамалы пәтер сатып алу үшін 32,3 млрд теңге бөлінбек. Бұл туралы Мәжіліс депутаттарының сауалына Премьер-Министрді бірінші орынбасары Роман Склярдың жауабында айтылған, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі inform.kz-ке сілтеме жасап.

 - Жастар жылының ашылу салтанатындағы Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, жастардың тұрғын үй мәселелерін шешу мақсатында 2019-2022 жылдары республикалық бюджет қаражаты есебінен Астана, Алматы және Шымкент қалаларында жұмыс істейтін жастарға арналған 10 мыңға жуық жалға беру пәтерлері салынды. 2023-2025 жылдары аталған қалалардың әрқайсысында қосымша 3 мың жалға беру пәтерлерін сатып алу үшін жергілікті бюджеттерден 32,3 млрд теңге бөлу жоспарлануда, - деді Премьер-Министрді бірінші орынбасары Роман Скляр. 

Сондай-ақ басқа өңірлердің жергілікті атқарушы органдары өздерінің дайындығы мен қаржылық мүмкіндіктеріне қарай жұмыс істейтін жастар үшін жергілікті бюджет есебінен жалға берілетін тұрғын үй салу мәселесін қарастыратындығын атап өтеді.

 - Өз кезегінде, сатып алу құқығынсыз жалға беру тетігі жастарға өз тұрғын үйін сатып алу үшін бастапқы жарнаға қаражат жинауға бағытталған. Мұндай жүйе азаматтарды қаражатты ұқыпты жинақтауға және тәуелді көңіл-күйді төмендетуге ынталандырады, - деді Роман Скляр.

Оқи отырыңызы: Ердос Қанаев қазақстандықтарды Республика күнімен құттықтады

Новости партнеров