Қоғамдық көлік басқаруға рұқсаты жоқ жүргізушілер ұсталды

12.11.2021 20:56

Рұқсат етілмеген адамдардың жолаушы тасымалдауына жол берген автокәсіпорын басшыларына қатаң жаза қолданылмақ

Almaty.tv

Алматыда қоғамдық көлікті басқаруға құқығы жоқ жүргізушілер ұсталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.    

Қалалық тәртіп сақшылары жүргізген рейд барысында тиісті санаты жоқ 3 автобус жүргізушісі анықталды. Бүгінде ереже бұзушылардың көліктері айыппұл тұрағына қойылды.

Полиция департаментінің мәліметінше, рұқсат етілмеген адамдардың жолаушы тасымалдауына жол берген автокәсіпорын басшыларына да қатаң жаза қолданылмақ.  

«Қоғамдық көлікті басқаруға тиісті санаты немесе құқығы жоқ 3 автобус жүргізушісі анықталды. Олар Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 612-бабы 2-бөлігі бойынша жауапқа тартылды», – деді Алматы қалалық ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.