Асқар Мамин Арыс қаласының қалпына келтірілгенін көруге арнайы барды

Асқар Мамин Арыс қаласының қалпына келтірілгенін көруге арнайы барды
Арысты толықтай жаңарту үшін тағы 11 миллиард 800 миллион теңге керек
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Снарядтың зияны тиген қаланың ахуалын көрген Үкімет басшысына Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев осылай деді. Бүгінге дейін қираған ғимараттардың 90 пайызы жөнделген. Министрлерден құралған топ әскери қалашықты жарылыстан соң алғаш рет тілшілермен бірге аралады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Кілең қызыл шатырлы Арыстың қазіргі келбеті осындай. 17 секторға бөлінген ескі шаһарда тоқтаусыз жүріп жатқан жұмысты Үкімет басшысы Асқар Мамин тексеруге келді. Алдымен оқ-дәрі қоймасына ең жақын орналасқан әскери қалашықты қалыпқа келтіру, жарылғыш заттарды көшіру жұмыстарын қарап шықты. Әскери қалашықта ғұмыр кешкен 58 жанұяның жағдайын көріп, проблемасын шешуді тиісті басшыларға жүктеді. Бұдан соң 250 адамға арналған аудандық ауруханға барды.

Денсаулық сақтау министрінің мәліметінше аурухана 15 тамызда алғашқы науқасты қабылдап, қажетті құрылғылар өзге облыстардан уақытша әкелінеді. Жергілікті бюджеттің 800 миллион теңгесіне кейінірек медициналық жабдықтар алынбақ. Күрделі жөндеу жұмыстары стомотология мен амбулатория емханасында да жүріп жатыр.

Премьер-министр бұрынғыдай 50 емес, 150 адамға арналған күту залымен қайта салынып жатқан Арыс-2 темір жол вокзалына да ат басын бұрды. Қалыпқа келтіру жағдайы бойынша үйлердің қазірге дейін 90 пайызы жөнделіп, алты жарым мың отбасы баспанасына толық оралған.

«Соңғы екі айда 201 құрылыс компаниясы арқылы 10 мыңдай адам жұмыс істеп, 7516 жеке үйдің 6611-і  толық аяқталса, 905 баспана кезекте тұр. Бірақ өз талаптарын қойған тұрғындардың келіспеушілігінен 144  үйді жөндеу әзірге мүмкін болмай тұр. Үкімет басшысы қаланы қайта көтеруге ат салықсан ведомстово, әкімдік пен құрылысшыларға алғыс айтты. Мәселен, Алматы қаласының әкімдігі 2 миллиард теңгеге 531 үйді жөндеп беруді міндет өзіне алған. Оның ішінде 28 баспананы жаңадан салып жатыр. Бұдан бөлек 95 тонна түрлі құрылыс материалдарын қажет деген тұрғындарға таратып берген», – деді ҚР Премьер-министрі Асқар МАМИН.




«Мәжіліс өткізген Асқар Маминге аймақ әкімі қалаға әлі де 11 миллиард 800 миллион теңге қарастыруды сұрады.  Арыста 66 әлеуметтік нысан мен 472 бизнес орындары болған. 400-ден астам коммерциялық нысандар бүлінсе, 8 бизнес орталығы мүлдем жарамсыз деп танылған. «Бизнеске бизнес көмектеседі» жобасының аясында елдегі ірі кәсіпорындар қолдау көрсетіп жатыр. Премьер-министр  63 464 адамның әр қайсысына 100 мың теңгеден  берілетін өтемақыны реттеуді де тапсырды. Ал Арыста биыл 2318 бала бірінші сыныпқа өз уақыттарынан кешікпей бара алады», – деді  Алматы қаласы әкімінің орынбасары  Мұхит ӘЗІРБАЕВ.


Арысқа іс-сапары барысында 8 ірі әлеуметтік нысанды аралаған Асқар Мамин Нұр-Сұлтан қаласы, Солтүстік Қазақстан және Алматы облыстарының әкімдігіне баяу жұмыстары үшін ескерту жасады. Коммерциялық ғимараттарға жөндеу жұмыстарын қыркүйекте, ал қалған тұрғын үйлерді алдағы үш аптаның ішінде толық аяқтауды тапсырып,  Түркістан қаласына аттанып кетті.


Әмірболат Құсайынұлы,  Ялкунжан Әшімжанов, «Алматы» телеарнасы

Новости партнеров