Суретшілер дәрігерлерді, полиция және әскери қызметкерлерді бейнелеген
Коронавирусқа қарсы күрестің алғы шебінде жүргендердің барлығына арналған жаңа мурал салынды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Шаһардағы Төле би және Байзақов көшелері қиылысында коронавируспен күресушілердің құрметіне жаңадан мурал суреті салынды.
Суретшілер азаматтардың денсаулығы үшін жауапкершілік жүктелген дәрігерлерді, полиция және әскери қызметкерлерді бейнелеген.
Мурал авторлары - суретшілер Джахар Юнусов пен Тамара Элфимова.
Айта кетсек, бұл қаладағы COVID-19 вирусымен күресушілерге арналған бірінші мурал емес. Бұдан бұрын Құрманғазы және Шәріпов көшелерінің қиылысындағы көпқабатты тұрғын үй сыртына да алып сурет салынған болатын.
Посмотреть эту публикацию в InstagramПубликация от Stop COVID-19 Almaty (@stopcovalmaty)23 Апр 2020 в 5:41 PDT