|
06.04.2024 | 15:56
503

Маңғыстаулықтар Құлсары тұрғындарына гуманитарлық көмек жөнелтті

Жүректен жүрекке акциясы жалғасуда

Маңғыстаулықтар Құлсары тұрғындарына гуманитарлық көмек жөнелтті elements.envato.com

Құлсарыдағы су тасқынынан зардап шеккен халыққа Маңғыстау облысының тұрғындары гуманитарлық көмек жіберді, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі inform.kz-ке сілтеме жасап. 

Бүгін Ақтаудағы «Достық» үйінде Қазақстан халық ассамблеясының өкілдері 3,5 мың тонна қажетті заттарды 500 шақырым жердегі Бейнеуге жолдады.

- Қазір көптеген өңірде су тасқыны жүріп, адамдар зардап шегіп жатыр. Осыны естіп, көріп отырған Маңғыстау халқы да үнсіз қалмады. Қор құрылып, қаражат жиналып жатыр. Өңіріміздің әр азаматы зардап шегіп жатқан ағайынға қадари-хәлінше көмек көрсетуде. Бұл жерде негізінен азық-түліктер мен төсек жабдықтары бар. Себебі, Құлсары қаласын су алуына байланысты қала халқының басым бөлігі Бейнеуге эвакуацияланды. Бұл көмек су тасқынынан зардап шеккен Атырау халқы үшін жиналды. Ары қарай да бұл игілікті іс жалғасын табады, - деді МО Қазақстан Халқы Ассамблея үйі жанындағы Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Оңайбек Әбділов.

Сонымен қатар Маңғыстау облыстық мәслихатының депутаты, облыс әкімінің Қазақстан халқы Ассамблеясы мәселелері жөніндегі орынбасары Ирина Беляева төтенше жағдай аяқталғанша тиісті көмек көрсету шаралары жалғасатынын жеткізді.

- Қазір Құлсары қаласынан Бейнеуге 8 мыңнан астам адам эвакуацияланды. Кей аудандарда үйлер толығымен су астында қалды. Сондықтан адамдар көмекке мұқтаж. 1 сәуір күні бірінші гуманитарлық көмек жіберілді. Бүгін екінші ауыр жүк көлігі аттанып бара жатыр. Осы орайда Маңғыстау тұрғындарына алғысымды білдіргім келеді. Бұл акция «Жүректен жүрекке» деп аталады, - деді Ирина Беляева.

Бүгін таңертең Құлсарыдан Бейнеуге барар жолда су тасқынынан эвакуацияланған жүкті келіншек сәбилі болды.

Бейнеу ауданына Маңғыстау облыстық ауруханасының дәрігерлері медициниалық көмек көрсетуге арнайы барды.

Сондай-ақ Бейнеу ауданында Құлсарыдан келген 2,5 мың адам орналасып үлгерді. Ақтау қаласында да судан зардап шеккен Құлсары тұрғындары үшін эвакуациялық пункт ашылды.

Сонымен қатар Маңғыстауда азық-түлік қоры жеткілікті екенін ресми орындар мәлімдеді.

Су басу кезінде Құлсарыдағы ауруханадан 77 науқасты Маңғыстау облысына жеткізді.

оқи отырыңыз: Үкімет басшысы мен оның орынбасарлары су басқан өңірлерде болады

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир