Кеш шымылдығын Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаева ашып берді
Алматыда қоғамға еңбегі сіңіп, ел мәселесін қаузап жүрген журналистер мен қоғам қайраткерлерінің аналарына арналған «Рахмет саған анашым» атты мерекелік кеш өтті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Кеш шымылдығын Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаева ашып берді. Ақжаулықты аналарға Алматы қаласы әкімдігі арнайы алғыс хат табыстады.
«Тақырып өте дұрыс алынған. Танымал қыз-жігіттердің анасын ортаға шақырғанда, кімнің анасы екен деген қызығушылықпен қарап, қуанып отырдым», - дейді Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Майра Ілиясова.
Кештің ұйымдастырушысы аталған шараның өскелең ұрпаққа берері мол дейді. Анаға деген құрмет қашанда биік болуы керек дегенді алға тратты.
«Белгілі тұлғалардың, журналистер мен дәрігерлердің аналарын шақырып, рахмет айтылды. Әдетте жастар өздері дәріптеліп, аналары дәріптелмей қалады. Сол себепті де бүгінгі аналарға бас иіп жасалған шараны ойдағыдай өткіздім деп ойлаймын», - дейді Қоғам қайраткері, меценат Айнұр Аралбайқызы.
«Бәріміз қуаныштымыз. Өзімізді бақытты сезіндік. Осындай кештерді сағынып қалыппыз», - ұстаз, педагогика ғылымдарының кандидаты Гүлшарбан Сабурова.