СІМ сенатор айтқан мәлімдемені жоққа шығарды

Almaty.tv
Almaty.tv
Шетел азаматары асырап алған балалар 18 жасқа толғанға дейін Қазақстан азаматы боп саналады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Сенатор Дархан Қыдырәлінің «шетелдіктер асырап алып жатқан қазақстандық балалар туралы ақпарат жоқ» деген мәлімдемесін СІМ жоққа шығарды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Айбек Смадияровтың айутынша, елден кеткен әрбір бала туралы мәлімет сақталады. Сонымен қатар, ол туралы деректерді асырап алған ата-ана консулдыққа барып беріп тұруы керек. Оның үстіне, 18 жасқа толғанға дейін біздің елден барған бала Қазақстан азаматтығында болады. Кәмелет жасқа толған соң оның өз еркімен азаматтығын ауыстыруына болады.

– Мен балаларды экзотикалық елдерде тұратын азаматтар бағып алды деп оқыдым. Бірақ ол жалған. Өйткені 1990-2000 жылдары балаларды тек  Батыс елдерінің өкіліне  асырап алуға беретін талап болған. Сол елде дипломат болып жұмыс істеген Батыс елдерінің азаматтары асырап алған. Ал сенатор айтқан елдерге балаларымызды жібермедік, – деді ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров.

Оқи отырыңыз: Депутат шетелге кеткен жетімдер туралы деректі зерттеуді ұсынды

Новости партнеров