Қала әкімдігінің баспасөз қызметі жалған ақпаратты жоққа шығарды
Бірқатар БАҚ пен әлеуметтік желіде бүгін Шымкент қаласының әкімі ауысатындығы туралы ақпарат тарады. Қала әкімдігінің баспасөз қызметі ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлады Almaty.tv.
- Бүгін бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде Шымкент қаласы әкімінің ауысатыны туралы жалған ақпараттар жарияланып жатыр. Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдейді. Сондай-ақ, қазір қала әкімі М. Әйтеновтің лауазымдық қызметінде екенін хабарлайды, - делінген мәлімдемеде.
Айта кетсек, бірқатар БАҚ пен әлеуметтік желіде Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің бүгін қызметтен кететіндігі жайында ақпарат тарады. Тіпті, кейбір желі қолданушылары үшінші мегаполиске жаңадан тағайындалатын әкімнің аты-жөніне дейін жазып, бірге түскен суреттерін жариялап жатыр.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Оқи отырыңыз: Жалған ақша жасап сатпақ болғандар ұсталды