Блокчейн-технологиясының пайдасы қандай

26.04.2022 20:57

Іс-шарада жоғары технологияларды одан әрі дамыту жолдарын талқылады

Almaty.tv

Блокчейн-технологиясының барлық саласына енгізу сыбайлас жемқорлықты жояды және жұмыстың ашықтығын қамтамасыз етеді. Бұл туралы Digital Business Day форумында қазақстандық блокчейн-технологиялар қауымдастығының басшысы Сапар Ахметов айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.


Оның сөзінше, бес жылдан кейін әлемдік жалпы ішкі өнімнің 10 пайызы блокчейндерде сақталатын болады. Іс-шараның өзі елімізде жоғары технологияларды одан әрі дамыту жолдарын талқылау үшін IT қоғамдастықты, бизнесті, квазимемлекеттік сектор мен мемлекеттік секторды біріктіруге бағытталған.

«Қазір цифровизация деген барлық мемлекеттің,  қоғамның, азаматтың өміріне кіріп кеткен. Ол  бүгінгі күннің жеткен жетістігі. Сондықтан біз одан қалып қоймауымыз керек. Қазір көптеген ІТ бағдарлаушы бар, олардың жасап жатқан жұмысы, басқа елден әкеліп жатқан технологиялық трансферт біздің күнделікті өмірімізге, экономикаға, қоғамға кіргізуіміз керек», – деді Қазақстандық блокчейн-технологиялар қауымдастығының төрағасы Сапар Ахметов.

Сапар Ахметов Қазақстанның жылжымайтын мүлкін, жерін, әлеуметтік және білім беру жобаларын блокчейндерде іске қосу қажет деп санайды. Оның пікірінше, біздің елімізді блокчейн-технологиялар IT индустрияның халықаралық хабына айналдыруға болады.

«Өткен жылы майнинге салық төлеу мәселесін біз көтердік. Үкіметпен бірге оны шештік. Енді биылғы кезде тағы да көптеген мәселелерді қарастырып жатырмыз. Блокчейнді көпшілік криптавалюта деп ойлайды. Криптавалюта – блокчейннің бір ғана бөлігі. Блокчейн – ашықтық, ол – қауіпсіздік», – деді Қазақстандық блокчейн-технологиялар қауымдастығының төрағасы Сапар Ахметов.