|
29.03.2019 | 15:58
2980

Алматының аудан әкімдерінің рейтингі аумақ тазалығымен өлшенбек

Жасыл экономика басқармасының қызметкерлері апта сайын қолдарына фотоаппараттарын алып, тексеріс жүргізеді

Алматының аудан әкімдерінің рейтингі аумақ тазалығымен өлшенбек

Бұдан былай Алматыдағы аудан әкімдерінің рейтингі олардың аумақтарындағы тазалыққа байланысты болмақ, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Жасыл экономика басқармасының қызметкерлері апта сайын қолдарына фотоаппараттарын алып, тексеріс жүргізеді. Ал аудандардың тазалығы бес балдық шкала бойынша бағаланбақ. Тексеріс қағазында 13 тармақ бар. Ведомстводағылар оның ең негізгілерін атап өтті.  

«Ең алдымен жолдар, тротуар мен арықтардың тазалығына, әрине, қоқыс алаңдарына да аса мән беріледі. Себебі, қыс бойы қараусыз қалған жерлерге қоқыс жиналып қалды. Осы бағыттар бойынша апта сайын аудандарды аралайтын боламыз. Ағаштарды санитарлық кесу жұмыстары мен өзен арналарына да назар аударамыз», – деді Алматы қаласы Жасыл экономика басқармасының бас маманы Александр СЕРГЕЕВ.

Тексеріс кезінде анықталған лас жерлерді тез арада тазалау үшін олардың тізімін жергілікті әкімдіктерге жібереді. Айта кету керек, Жасыл экономика басқармасындағылар аулаларды да тексермек. Яғни, шенеуніктер толып қалған қоқыс контейнерлері, тазаланбаған саябақтары, лас жерасты және жерүсті өткелдері мен жарнамаға толып қалған аялдамалар үшін жауап береді.  

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир