Алматы халықаралық әуежайының жаңа терминалы қандай болады

25.08.2021 20:59

Жаңа терминал салынғаннан кейін 8 миллион жолаушыға дейін өткізу қабілетін арттыру жоспарланған

Фейсбук Наталья Панова

Алматы халықаралық әуежайының баспасөз қызметі TAV Airports жақын арада жаңа халықаралық терминал құрылысын бастауды жоспарлап отырғанын мәлім етті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Алматы әуежайының жолаушыларды өткізу мүмкіндігі қазір жылына 2,5 миллион адам. 2019 жылы 6,4 миллион адам әуежай арқылы өткен. Баспасөз қызметі жүктеменің жоғары болуы жолаушылар ағыны мен кезектің араласуына әкелетінін айтты.

Халықаралық әуекөлігі қауымдастығының (IATA) масштабына сәйкес қазіргі уақытта Алматы әуежайының қызметі қосалқы оңтайлы деңгейге (Sub-Optimum) сәйкес келеді. Жаңа терминал салынғаннан кейін 8 миллион жолаушыға дейін өткізу қабілетін арттыру жоспарланған.

«Бұл ретте сервис деңгейін оңтайлы деңгейге дейін көтеру жоспарланған, бұл әлемнің ірі әуежайларының деңгейіне сәйкес келеді. Алматы тораптық әуежайға айналады, бұл сауда көлемінің артуына, бизнес пен туризмнің кеңеюіне әкеледі. Жаңа халықаралық терминал жолаушылардың жайлы және қауіпсіз болуын қамтамасыз етеді. Ол келетін және кететін жолаушылардың ағынын бөлуге, жолжүкті күту уақытын азайтуға мүмкіндік береді. Ғимараттан ғимаратқа шығудың қажеті жоқ, жаңа жылыту, желдету және ауа баптау жүйелері энергияны үнемдеуді қамтамасыз етеді», – деді баспасөз қызметіндегілер.

Терминал 1947 жылы салынған әуежайдың тарихи ғимараты VIP-терминал орнында салынады. Оны ауыстыру жоспарланып отыр. Әуежайда ғимарат сәулетіне халықаралық және мемлекеттік сараптама жүргізілген. Тасымалдау кезінде ескі ғимараттың сәулетін сақтау жоспарланған, мысалы, сәндік дизайн элементтері бар ғимараттың қасбеті.

Баспасөз қызметі әуежай ғимаратын алғашқы қалпына келтіру 1975 жылы жүргізілгенін айтты. 2000 жылдан 2010 жылға дейін ғимаратта жөндеу жұмыстары жүргізілген, нәтижесінде ескі әуежайдың алғашқы көрінісі өзгерген.