Бақытжан Сағынтаев Қазақстандағы Үндістанның Төтенше және Өкілетті Елшісімен кездесті

10.02.2020 22:09

Бұл туралы мегаполис басшысы өзінің twitter парақшасында жариялады

Sagintayev_b

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев Қазақстандағы Үндістанның Төтенше және Өкілетті  Елшісімен кездесті. Бұл туралы мегаполис басшысы өзінің twitter парақшасында жариялады.

Маңызды кездесуде Үндістанның Алматымен сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық, білім және туризм салаларында ынтымақтастықты кеңейту, қалаларды цифрландыру және т.б маңызды мәселелер талқыланды.

«Қазақстандағы Үндістанның Төтенше және Өкілетті Елшісі Прабхат Кумармен Үндістанның Алматымен сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық, білім және туризм салаларында ынтымақтастықты кеңейту, қалаларды цифрландыру және ІТ жобаларды жүзеге асыруда тәжірибе алмасуды талқыладық», – деді әкім.