Сондай-ақ 46 адам ұсталып, 612 ақбөкен тушасы мен 687 мүйіз тәркіленген
Ал, елімізде ақбөкендерді заңсыз ату бойынша қылмыс саны көбейген. Мәселен, осы жылдың өзінде киелі аңды аулау және мүйізін сату бойынша 56 сотқа дейінгі іс қозғалған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Сондай-ақ 46 адам ұсталып, 612 ақбөкен тушасы мен 687 мүйіз тәркіленген.
Естеріңізде болса, кеше жаңалықтарымызда «Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығында» 154 ақбөкенді атқан қылмыстық топ ішінде «Охотзоопром» кәсіпорнының өңірлік филиалы қызметкерлерінің болғаны туралы айтқан едік.