Жетісу ауданында кейбір ғимаратқа жылу беру уақытша тоқтатылады

23.11.2023 20:59

Айтылған аймақта сорғы станциясында ілмекті арматура ауыстырылады

Сурет: elements.envato.com

Биыл 23 қарашада Жетісу ауданының Рысқұлов - Жансүгіров - Глазунов - Сейфуллин көшелерінің аумағындағы, сонымен қатар, Құлагер, Дорожник және 1-4-Айнабұлақ шағынауданындағы бірнеше тұрғын үй және өзге де ғимараттарға жылу беру уақытша тоқтатылады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Сорғы станциясында ілмекті арматурасын ауыстыру бойынша жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін жылумен және ыстық сумен жабдықтауды уақытша шектеу енгізіледі.

Аталған қалалық секторда жылу мен ыстық су беруді түн ортасына дейін қалпына келтіру жоспарланған.

Аталған ауданда тұратын алматылықтар мен қала қонақтарынан уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұраймыз.

Естеріңізге сала кетейік, қандай да бір штаттан тыс жағдай туындаған кезде өз бетінше әрекет жасамай, төменде көрсетілген нөмірге хабарлауға кеңес береміз:

+7 (727) 378-06-65 (тәулік бойы),

+7 (727) 341-07-77 (08:00-ден 18:00-ге дейін) немесе 109.

Дереккөз: «Алматы жылу желілері» ЖШС