|
17.05.2022 | 19:09
12993

Алматыда электр энергиясы қымбаттауы мүмкін

Тариф қала халқының пайдаланатын энергия көлеміне байланысты белгіленіп отыр

Алматыда электр энергиясы қымбаттауы мүмкін tek.energy

Биыл екінші жартыжылдықта Алматыда электр энергиясы үшін ай сайынғы төлем 200-300 теңгеге қымбаттауы мүмкін. Бұл тариф қала халқының пайдаланатын энергия көлеміне байланысты белгіленіп отыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Аталмыш пилоттық жоба мегаполисте электр энергиясына тарифтерді саралауды кезең-кезеңімен қысқарту мақсатында жүзеге асырылмақ. Өйткені, тұрмыстық тұтынушылар тарифтері заңды және бюджеттік тұтынушылар үшін жасанды өсу есебінен төмен бағамен есептеледі. Салдарынан жыл сайын елде шағын және орта бизнес өкілдері 31 миллиард теңге артық төлейді екен. Ал жобаның іске қосылса, бюджет шығындарын қысқартып, бос қаражатты халықтың мұқтаж топтарына жұмсауға мүмкіндік бермек.

«Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде бірнеше жыл бойы тарифтерді саралауды кезең-кезеңмен қысқарту және алып тастау бағдарламасы көзделген. 2022 жылдың 2 наурызында ел Президенті энергетика және инженерлік инфрақұрылымды дамыту мәселелері жөнінде өткен кеңесте бұл жұмысты пилоттық режимде 3 өңірде – Алматы, Батыс Қазақстан және Қостанай облысында бастауды тапсырды», – деді ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғарин.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир