Нақты дәлел болмаса, қылмыстық іс тіркелмейді

13.03.2024 19:59

Мәжіліс жаңа заң жобасын мақұлдады

parlam.kz

Нақты дәлел болмаса, қылмыстық іс тіркелмейді. Мәжіліс жаңа заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Маңызды құжат азаматтарды жазықсыз жазалауға жол бермеуге бағытталған. Заңбұзушылықтарды қайта пысықтауға құзырлы орган өкілдеріне жіберу мүмкіндігі болмайды. Сондай-ақ бұдан былай әр істі тергеп-тексеру кезінде қорғаушылардың рөлі мен сараптама жүргізу тәртібі күшейтіледі. Сотқа дейінгі тергеудің мәліметтерін жария етпей, күдіктіге тағылған айыпты теріске шығаруды хабарлауға мүмкіндік беру ұсынылған.

– Қылмыстық процестегі адвокаттардың рөлін күшейту ұсынылады, өйткені қорғаушының іс-әрекетінде бәсекелестік принципін жүзеге асырудың ерекшеліктері, ең алдымен, оның дәлелдеу процесіндегі белсенділігіне байланысты. Осылайша қазір сотқа айыптаушы тарап қалыптастырған қылмыстық істер келіп түсуде, бұл өз кезегінде судьялардың іс бойынша айыптауға ой қалыптасуына ықпал етеді, – деді ҚР Әділет министрі Азамат Есқараев.

Оқи отырыңыз: Бала саудасы: Атырауда безбүйрек ана 8 жылға сотталды