|
05.06.2019 | 16:00
1478

«Ақжолдықтар» Жамбыл облысындағы бірнеше ауылды аралады

«Ақжолдықтар» Жамбыл облысындағы бірнеше ауылды аралады

Ауылды жерлерде кәсіпкерлікті дамытуға барынша жағдай жасалуы тиіс. Бұл халықтың тұрмыс жағдайын жақсартып, жұмыссыздық мәселесін де шешеді. Президенттікке үміткер Дәния Еспаеваның республикалық сайлауалды штабының жетекшісі Азат Перуашев тұрғындармен кездесуде осындай пікір білдірді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Үгіт тобы Жамбыл облысы, Байзақ ауданының Сарыкемер және Қызыл жұлдыз ауылдарында болып, сайлаушылармен жүздесті. Кездесуде кәсіпкерлікпен қоса, әлеуметтік салаға қатысты жайттар да қозғалды. Мәселен, студенттерді жатақханамен қамтамасыз ету, жұмыс орындарын ашу секілді мәселелер кеңінен талқыланды. Сондай-ақ жиналғандар тарапынан отандық өнім өндірушілерді қолдау мен жеке кәсіп ашқысы келетін азаматтарға демеу көрсетуге қатысты да біршама сауалдар қойылды.

«Салық саясатын өзгерту керек. Қазіргі кезде айлығы өте жоғары мұнайшы да, ауыл шаруашылығымен айналысатын шаруалар да бірдей салық төлейді.  Меніңше, бұл дұрыс емес. Еуроодақтың дамыған мемлекеттерінің тәжірибесіне сүйенсек, ол жерде әлеуметтік мағынасы бар тауарларға және иновациялық салаға нөлден алты пайызға дейін ерекше мөлшерлеме бар. Бізде де осылай етуді ұсынып келе жатқанымызға он шақты жыл боп қалды», – дейді ҚР Президенттігіне үміткер Дәния Еспаеваның сайлауалды штабының жетекшісі  Азат ПЕРУАШЕВ.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир