Алматыда адам қағып, оқиға орнынан қашып кеткен мопед жүргізушісі ұсталды

стоп кадр
стоп кадр
Төле би даңғылының бойында болған оқиғаның бейнежазбасы әлеуметтік желіде тарады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматының Әуезов ауданында 28 тамыз күні таңғы сағат 07.15-те жолдан өтіп бара жатқан қызды мопед жүргізушісі қағып кеткен, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Төле би даңғылының бойында болған оқиғаның бейнежазбасы әлеуметтік желіде тарады. Видеодан мопед соққысынан кейін жаяу жүргіншінің бірнеше метрге ұшып кеткенін көруге болады. Алайда мопед иесі оған көмектеспей, оқиға орнынан бой тасалады.

«Іздестіру бөлімшесінің қызметкерлері жүргізген шаралардың арқасында қашып кеткен азамат анықталды және ұсталды. Бұл – 23 жастағы жігіт. Қазіргі уақытта жаяу жүргінші ауруханада жатыр, жол апаты бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жедел-іздестіру шаралары барысында қаладағы бейнебақылау жүйелерінің ресурстары барынша пайдаланылғанын айта кеткен жөн», - деді Алматы қалалық ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы, полиция полковнигі Серік Шумаев.

Оқи отырыңыз: Павлодарда 4 жұмысшы газдан уланып қалды

Новости партнеров