Петропавлда есірткіні жарнамалаған бойжеткен 10 күнге қамалды

20.10.2019 21:00

Соттың шешімі заңды күшіне енді, қыз әкімшілік қамауға алынды

inform.kz

Петропавлда психотроптық заттар мен есірткі тарататын сайттарды жарнамалаған 18 жастағы қыз жазаланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Петропавл қаласының Мамандандырылған әкімшілік сотының ақпаратына сүйенсек, қаланың 18 жастағы тұрғыны әкімшілік құқық бұзды деп танылып, оған 10 күнге қамау түріндегі жаза белгіленген.

Іс материалдарына қарағанда, қыркүйектің басында қыз жұмысшылар кентіндегі ғимарат қабырғаларына қара маркермен түрлі жазулар жазған.

Жазбаларда психотроптық заттар мен есірткі тарататын сайттарға сілтеме жасалған.

Соттың шешімі заңды күшіне енді, қыз әкімшілік қамауға алынды.