Елімізде орташа жалақы 275 мың теңгеден асты

Egemen.kz
Egemen.kz
Бұл ретте атаулы жалақы индексі 2020 жылдың төртінші тоқсанымен салыстырғанда 118,2%-ды, нақты – 108,7%-ды құрады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

2021 жылдың төртінші тоқсанында бір қызметкердің орташа айлық жалақысы 275 580 теңгені құрады, деп хабарлайды Almaty.tv  Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.

Бұл ретте атаулы жалақы индексі 2020 жылдың төртінші тоқсанымен салыстырғанда 118,2%-ды, нақты – 108,7%-ды құрады.

Салалық құрылымда ең жоғары атаулы жалақы тау-кен өнеркәсібінде және карьерлерді қазуда – 546,4 мың теңге (орташа республикалық деңгейден 2 есе жоғары), қаржы және сақтандыру қызметінде – 520,7 мың теңге (1,9 есе), кәсіптік қызмет саласында, ғылыми-техникалық қызметке – 442 мың теңге (1,6 есе), ақпарат және коммуникация саласына – 370,1 мың теңге (тиісінше 1,3 есе).

Ауыл, орман және балық шаруашылығы салаларында орташа айлық атаулы жалақының төмен деңгейі тіркелді – 167,3 мың теңге және сумен жабдықтау; кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және бөлінуін бақылау – 169,1 мың теңгеге тең.

Өңірлер бойынша ең жоғары орташа айлық атаулы жалақы Атырау облысында байқалады – 420,4 мың теңге, бұл орташа республикалық деңгейден 1,5 есеге жоғары.

Солтүстік Қазақстан облысында 203 мың теңгені құрап, республикалық көрсеткіштен 26,3 пайызға төмен деңгейді көрсетті.

Новости партнеров