Қарттарға құрмет: Алматыдағы «Шаңырақ» орталығында мерекелік концерт өтті

Almaty.tv
Almaty.tv
Белсенділер қайырымдылық шараны 8 наурыз мерекесіне орай ұйымдастырған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Бүгін Алматыдағы «Шаңырақ» әлеуметтік қызмет көрсету орталығындағы ата-әжелердің құрметіне мерекелік концерт өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Белсенділер қайырымдылық шараны 8 наурыз мерекесіне орай ұйымдастырған. Қарттар үйіндегі қариялар да игі іске белсене атсалысып, өнерін көрсетті.

«Мақсат – қарттырдың көңілін көтеру, мерекесімен құттықтау. Дәмді ас ұсынып, сый-сияпат беру», – деді продюсерлік орталықтың басшысы Тілеужан Кішкенебаев.

Шаңырақ әлеуметтік қызмет көрсету орталығында 300-ге жуық қызмет алушы бар. Олардың арасында 94 қария төсек тартып жатыр. Сондықтан бүгінгі кештен қапы қалған қарттарға ұйымдастырушылар арнайы барып, сыйлығын табыстады.

«Бүгінгі күн керемет өтті. Балалар келіп, көңіл-күйіміз көтеріліп қалды. Ерекше сый құрметке бөленіп, керемет әсер алдық. Мың да бір рахмет», – деді «Шаңырақ» әлеуметтік қызмет көрсету орталығының тұрғыны Айымторы Тайғаринова.

«Марапаттағаны үшін рахмет. Ұйымдастырушыларға денсаулық тілеймін. Осындай іс-шара өте берсе, көңіліміз марқайып қалады», – деді  «Шаңырақ» әлеуметтік қызмет көрсету орталығының тұрғыны Әлжаппар Аутәліпов.

Оқи отырыңыз: Мейірімді Көктем: Қарттар үйіндегі қарияларға құрмет көрсетілді

Новости партнеров