Бүгін «1920-1950 жылдардағы саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау» комиссиясы жұмысының алғашқы нәтижелері жарияланған жинақ жарық көрді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Туындының авторлары өзге де көрнекті ғалымдармен бас қосып, алдағы уақытта зерттелуі тиіс деректерді талқыға салды. Іс-шараның басты мақсаты XX ғасырдың 30 жылдарындағы саяси қуғын-сүргін тарихын жан-жақты саралау болды.
«Адамдарды ақтау» жұмысы құжаттардың негізінде жасалады. Осы жылдан бері жабық құжаттардың барлығы Президент архивіне өткізіліп жатыр. Биыл Президент тапсырмасымен Президент архивінде арнайы «Саяси қуғын-сүргінге ұшыраған адамдардардың, саяси оқиғаларға қатысты материалдарды зерттейтін» орталық құрылды», – деді ҚР Президентінің мұрағаты директорының орынбасары Қайрат Әлімғазинов.