Елорда күні қарсаңында ұлттық статбюро қызық статистика ұсынды, хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі inform.kz-ке сілтеме жасап.
2024 жылдың 1 маусымында қаладағы халық саны 1 464 415 жеткен.
Оның 696 234 — ерлер, 768 181 — әйелдер.
2023 жылы Астанада туған кездегі өмір сүру ұзақтығы жалпы алғанда 78,09 жас.
Бұл көрсеткіш ерлер арасында — 74,23 жас, әйелдердікі — 81,28 жас.
2023 жылы алғаш рет некеге тұрған ерлер мен әйелдердің орташа жасы ерлер үшін — 28,2 жас, әйелдер үшін — 26,4 жас болды.
2024 жылдың қаңтар-мамыр айларындағы туу коэффициенті — 1000 адамға 19,50.
Сонымен қатар, елордада 100 жастан асқан 21 адам тұрады, оның ішінде 15 әйел мен 6 ер адам.
Оқи отырыңыз:V Дүниежүзілік көшпенділер ойынының басталуына 65 күн қалды