AKIMAT LIVE бағдарламасында Бостандық ауданы тұрғындарының мәселелерін талқылаймыз

13.02.2020 09:03

Көрермендер тікелей эфир кезінде студияға хабарласып, қонаққа сұрақ қоя алады

Baimyrza Musa, Almaty.tv

Қараңғы көшелер, қираған аулалар мен қауіпсіздік мәселесі.

Бүгін кешкі сағат 20:00-де AKIMAT LIVE тікелей эфирінде тұрғындардың осы және басқа да сауалдарына Бостандық ауданының әкімі Алтай Рахымбетов жауап береді.

Көкейдегі сұрақтарыңызды 8 777 046 33 33 WhatsApp нөміріне жібере аласыздар, сондай-ақ Almaty.tv арнасының Instagram, YouTube, Twitter, Facebook парақшасына пікір қалдыруларыңызға болады.

Көрермендер сондай-ақ тікелей эфир кезінде студияға хабарласып, қонаққа тікелей сұрақ қоя алады.