Көрермендер тікелей эфир кезінде студияға хабарласып, қонаққа сұрақ қоя алады
АӘК алуға кімдер өтініш бере алады?
Аз қамтылған отбасыларға қандай көмек түрлері қарастырылған?
Мүмкіндігі шектеулі тұрғындарға арналған қандай әлеуметтік жобалар бар?
Ертең, 5 наурыз сағат 20:00-де AKIMAT LIVE тікелей эфирінде осы және басқа да сұрақтарға мегаполистің әлеуметтік әл-ауқат басқармасы жетекшісі орынбасарының міндетін атқарушы Данияр Әлкебайұлы жауап береді.
Көкейдегі сұрақтарыңызды 8 777 046 33 33 WhatsApp нөміріне жібере аласыздар, сондай-ақ Almaty.tv арнасының Instagram, YouTube, Twitter, Facebook парақшасына пікір қалдыруларыңызға болады.
Көрермендер сондай-ақ тікелей эфир кезінде студияға хабарласып, қонаққа тікелей сұрақ қоя алады.