|
20.03.2019 | 16:03
3575

Алматы жастары Елбасын қолдау флешмобын өткізді (ВИДЕО)

Студенттер Нұрсұлтан Әбішұлының Қазақ елінің дамуына қосқан айрықша үлесі үшін ризашылық білдірді

Алматы жастары Елбасын қолдау флешмобын өткізді (ВИДЕО)

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өз өкілеттігін тоқтататыны туралы мәлімдемесіне байланысты Алматы қаласының жастары және бірқатар жоғары оқу орнының студенттері Елбасыға қолдау ретінде флешмобтар өткізді.  

«Біз елімізді дамытып, айрықша зор еңбек сіңірген Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевқа алғымысызды білдіреміз!» дескен Алматы менеджемент университетінің студенттері Елбасыға үш тілде алғыс айтып, еліміздің болашағы үшін білім алып, еңбек етуге ұмтылатындарын жеткізді.

Сондай-ақ, Қазақ ұлттық медицина университетінің, Қазақ еңбек дәне әлеуметтік қатынастар академиясының студенттері де Нұрсұлтан Әбішұлының Қазақ елінің дамуына қосқан айрықша үлесі үшін ризашылық білдіріп, еліміздегі тыныштық пен бейбітшілік үшін зор алғыстарын білдірісті.  

«Біз, егемен елдің жастары, еліміздің өркендеуіне Елбасымыз салып кеткен жолымен Қазақстанның әрмен қарай дамуына бар ынта-жігерімізді саламыз», – деген М.Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясының студенттері де Елбасына ақжарма тілектерін арнап, шын жүректерін алғыстарын жеткізді.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир