Анасы 5 жасар Сәбинаның суретіне: «Жақсы көремін, сүйемін», деп жазған екен…
Қазақстандықтар өрттен қаза тапқан қыздардың ата-анасына көңіл айтып, жантебірентерлік сөздер жазуда. Олар бұл қасірет туралы жұбату сөздерін жазып, көз жастарына ерік беруде. Өйткені ата-анасының әлеуметтік желідегі парақшалары балаларының суреттері мен махаббатқа толы сөздерге толтырылған. Қыздардың ата-анасы балаларын жан-тәнімен сүйгені көрініп тұр, деп жазады Stan.kz.
«Өмірде бақытсыздық, қасірет, сүйікті адамдарыңнан айырылу секілді көптеген қайғы-қасірет болады. Бірақ, мен мұның бәріне көз жұма қараймын. Өйткені, менде бақыт бар, менің өмірімнің мағынасы – менің қыздарым», – деген жазба жазылған қайтыс болған апалы-сіңілі қыздардың анасының желідегі парақшасында.
Бір күнде 5 бірдей періштесінен көз жазып қалған ананың парақшасында қыздарының суреттері жүктелген екі альбом бар. Анасы «Менің сүйіктілерім» және «Менің ханшайымдарым» деген екі альбом ашыпты. Ал оның ішінде жүздері бал-бұл жанған бақытты балалардың суретті.
Анасы 5 жасар Сәбинаның суретіне: «Жақсы көремін, сүйемін», деп жазған екен…
«Мен жалғыз қалудан қорықпаймын, бірақ қыздарымсыз қалудан қорқамын!», – деген жазба жазған, қыздардың анасы Жәнімгүл бірнеше ай бұрын.
Ал балаларынан айырылған ананың парақшасына кірген желі қолданушылары қара жамылған ата-анаға қолдау сөздерін қалдырып, «Иманды болсын» деп көңіл айтуда.
Бекем болыңыздар!!! Бұл қайғы-қасіретте бүкіл ел сіздермен бірге!
Еске сала кетсек, Астанада өрт салдарынан бір үйдің 5 баласы көз жұмды: 2006, 2008, 2013, 2015 және 2018 жылдары дүниеге келген.