Петропавлда Лениннің ескерткіші сатылып жатыр

© AP Photo
© AP Photo
Ескерткіш иесінің айтуынша, оның салмағы – 1 400 келі
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Петропавлда биіктігі 3,5 метр қоладан соғылған Владимир Ленин ескерткішінің сатылатыны туралы хабарлама OLX сайтында пайда болды, деп хабарлайды Sputnik.kz «Петропавл жаңалықтары» басылымына сілтеме жасап. 

Ескерткіш иесінің айтуынша, оның салмағы – 1 400 келі.

Басылым ақпаратынша, ескерткіш иесі оны қайдан алғанын айтудан бас тартты. Тек ескерткішті түрлі-түсті металл сынығы ретінде емес, тарихи ескерткіш ретінде сататынын мәлімдеген.

Ленин ескерткішінің бағасы 1 600 000 Т мөлшерінде көрсетілген, бірақ хабарландыру мәтінінде бұл сома рубльмен есептелетіні айтылған. Ұлттық валютаға аударған кезде бұл шамамен 9 миллион теңге.

Ескерткіштің төмен жағында «КСРО көркемсурет қоры, Мытищи көркем құю зауыты» деген жазу бар.

"Егер ескерткіш қоладан жасалған болса, онда салмағы 1400 келі ескерткіштің құны түрлі түсті металл сынығы нарығында 2 миллион теңгені құрайды", деп жазады басылым.


Новости партнеров