Тоқаев Қазақстан-Түрікменстан шекарасы туралы шартты ратификациялады

02.11.2022 21:03
egemen.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан-Түрікменстан мемлекеттік шекарасы туралы шартты ратификациялады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасы мен Түрікменстан арасындағы Каспий теңізіндегі Қазақстан-Түрікменстан мемлекеттік шекарасын межелеу және балық аулау аймақтарының шектес учаскелерін бөлу туралы шартты ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды", - делінген Жарлық мәтінінде.