Алматы облысы «Жетіген-Құрөзек» аралығында жүк пойызы бір отар қойды басып кетті, деп хабарлайды Almaty.tv.
Полиция департаментінің хабарлауынша, көліктегі машинист қойларды байқап, тежегішті басқан. Алайда қақтығыстың алдын алу мүмкін болмапты. Салдарынан 530 бас малдың 123-і пойыз басып кеткен. Айта кетейік, облыс аумағында жыл басынан бері 1120-ға жуық жол-көлік оқиғасы болып, 15-ке жуық мал қағу дерегі тіркелген.
«Көлік полициясының қызметкерлері жедел іздестіру іс-шараларының барысында малдың иесін анықтады. Ол Алматы облысына қарасты Туғанбай ауылының 36 жастағы тұрғыны болып шықты. «Аталған азамат ҚР ӘҚБтК 559-бабының 1-бөлігі, яғни темiржолдардың бөлінген жолағында мал жаю қағидаларын бұзу бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды», – деді ҚР ІІМ Көліктегі полиция департаментінің ресми өкілі Ләззат Қасымжанова.