|
06.12.2019 | 16:04
9458

Инспекторлардан қашқан браконьерлер өз көлігін өртеп жіберді

Ұсталғандар кінәсін мойындап, киік атқандарын айтқан

Инспекторлардан қашқан браконьерлер өз көлігін өртеп жіберді

Ақтөбе облысында браконьерлер ұсталды, деп хабарлайды Tengrinews.kz Орман шаруашылығы және жыртқыштар әлемі комитетіне сілтеме жасап.

"2019 жылы 5 желтоқсанда Ақтөбе облыстық "Охотзоопром" ӨБ" РМҚ өңірлік филиалы рейдтік шаралар жүргізу барысында Ақтөбе облысының Шалқар ауданы аумағында Toyota Land Cruiser 100 маркалы автокөлігін байқаған. Қуалау барысында күдіктілер заңсыз аңшылық деректерін жою мақсатында көлікті өртеп жіберген. Қызылорда облысының екі тұрғыны ұсталды", - делінген комитет хабарламасында.  

Ұсталғандар кінәсін мойындап, киік атқандарын айтқан. Көлік салонында атылған екі киіктің денесі, 12 калибрлі екі мылтық, пышақ, бензин канистрі және 12 калибрлі 50 оқ табылған.  

"Оқиға орнында Шалқар аудандық полиция бөлімінің жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. Осы дерекке қатысты 2019 жылы 5 желтоқсанда Ақтөбе облыстық ПД-нің Шалқар аудандық полиция бөлімі тіркеуге алған", - делінген хабарламада.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир