Қазақстанға педофилдер мен террористердің кіруіне шектеу қойылады

Almaty.tv
Almaty.tv
Заң жобасы «Халықтың көші-қоны туралы» заңды және қолданыстағы өзге де заңдарды жетілдіру мақсатында әзірленген
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Педофил мен террористердің Қазақстанға кіруіне шектеу салынады. Бүгін Мәжілістің пленарлық отырысында депутаттар «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың көші-қоны саласындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын қарады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.   

Депутат Снежана Имашеваның айтуынша, бұл заң жобасын депутаттар тобы «Халықтың көші-қоны туралы» заңды және қолданыстағы өзге де заңдарды жетілдіру мақсатында әзірлеген.

«Заң жобасында көші-қон саласындағы заңнаманың сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру тәртібін айқындау, кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыстары үшін сотталғандардың біздің елдің азаматтығын алуын шектеу, экстремистік немесе террористік әрекетке қатысы бар шетелдіктердің елге кіруіне тыйым салу көзделген», – деді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Снежана Имашева.

Новости партнеров